Без рубрики
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ДАРАЛАНДЫ: ЕЛДІҢ ІЖӨ-СІ 300 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДАН АСТЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы өтті.

Жиын барысында Мемлекет басшысы ел экономикасының серпінді дамуын айғақтайтын бірқатар маңызды деректерді жариялады. Президенттің айтуынша, өткен жылы Қазақстан экономикасы 6,5%-дық өсім көрсетіп, елдің ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) жалпы көлемі алғаш рет 300 миллиард долларлық межеден асты. Сонымен қатар, елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 150 миллиард доллардан асып, Қазақстан өңірдегі инвестициялық тартымдылық бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын тағы да дәлелдеді.



