Білім

Кітап оқу — рухани кемелденудің көзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,
ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқылатын көркем әдебиеттер қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, сонымен бірге, қазіргі заман ақын-жазушыларының кітаптары енген болатын.

Бүгінде  №52 мектеп -лицейінің кітапханасы Qazaqsha 100 bestseller сериясы бойынша жарық көрген әлемдік құнды кітаптармен толығуда.
Білім ошағының басшысы Айнұр Жарылқасынқызы кітап оқуға қолдау көрсету, кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, өз бетінше оқуға дағдыландыру, ең үздік туындыларды насихаттау мақсатында әріптестер арасында «Табысты оқу», оқушылар арасында «Кел, балалар, оқылық» 20 минуттық кітап оқу жобасын бастап кетті. Білім беруде кітап оқуға үйрету мәселесі маңызды.
Ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да кітап екені ақиқат.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close