Без рубрики

ТРАМП ПУТИН МЕН ЗЕЛЕНСКИЙДІ ТАҒЫ ДА БІТІМГЕ ШАҚЫРДЫ

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен де, Ресей президенті Владимир Путинмен де қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, екі тарапты тағы да соғысты тоқтатуға үндеді.

Трамптың айтуынша, оның басты тілегі – Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың аяқталуы.

«Олардың соғысты тоқтатқанын қалаймын. Бар болғаны осы. Екеуімен де қарым-қатынасым жақсы. Екеуіне де айтарым: «Соғысты тоқтатыңдар»», – деді АҚШ президенті.

Трамп бұған дейін де Ресей мен Украина арасындағы соғысты дипломатиялық жолмен аяқтау қажет екенін бірнеше рет мәлімдеп, тараптарды бейбіт келіссөздерге шақырған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close