Без рубрики

АЛМАТЫДА КАМАЗ БЕН ПОЙЫЗ СОҚТЫҒЫСТЫ

Алматының Түрксіб ауданындағы теміржол өткелінде КАМАЗ жүк көлігі мен тоғыз вагоннан тұратын пойыз соқтығысты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кеткен сәтте болған. Соның салдарынан жүк көлігі пойызбен соқтығысқан.

Апат салдарынан КАМАЗ жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close