Без рубрики
ГЕРМАНИЯДА АПТАП ЫСТЫҚТАН 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Германияда жыл басынан бері аптап ыстықтың салдарынан 10 мыңға жуық адам көз жұмды. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қайтыс болғандардың басым бөлігі маусым айының соңында тіркелген. Сол кезеңде Германияның бірқатар өңірінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген.
Мамандардың айтуынша, аптап ыстық әсіресе 75 жастан асқан азаматтарға ауыр әсер еткен. Сарапшылар мұны жоғары температураның созылмалы аурулармен ұштасуы салдарынан болған өлім-жітімнің артуымен байланыстырады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Германияның бірқатар аймағында ауа температурасы қайтадан жоғарылап, ыстықтың күшеюі мүмкін.



