Без рубрики

МАРҚҰМ ФЕЛЬДШЕРДІҢ АНАСЫ КҮЙЕУ БАЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Салима Ершанқұлқызы марқұм қызының күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, күйеу баласы Зейнет Әділет жұбайының қайтыс болғанына сегіз ай өткен соң қайта отбасын құрған. Анасы бұл шешімнің алдында өзімен ақылдаспағанын әрі алдынан өтпегенін айтты.

Салима Ершанқұлқызының сөзінше, Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әлі аяқталмаған. Бұл іс аясында Зейнет Әділет жәбірленуші ретінде танылған.

Марқұмның анасы күйеу баласының жәбірленуші мәртебесінен өз еркімен бас тартуын сұрап отырғанын жеткізді.

Еске салайық, Ұлдана Мырзуан өткен жылы Астанада тұрғын үй қасбетінің құлауы салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге барған кезде ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған болатын. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close