Без рубрики

ӨСКЕМЕНДЕ 91 ОРАМ ЕСІРТКІМЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛД

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген арнайы іс-шара барысында аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын тәркіледі.

«Қарасора – 2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 18 және 19 жастағы екі қала тұрғыны ұсталды. Олар есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген күдікке ілінді.

Күдіктілерді жеке тінту барысында тыйым салынған заттар салынған 91 орам тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың құрамынан жалпы салмағы 25,29 грамм мефедрон, 27,21 грамм α-PVP психотроптық заты және 6,24 грамм каннабис шайыры анықталған.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылса, екіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, мұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close