Без рубрики

АСТАНАДА ЭЛЕКТРОСАМОКАТПЕН ТРОТУАРМЕН ЖҮРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

25 тамыздан бастап Астанада электросамокат жүргізушілеріне қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Енді самокат пайдаланушыларына тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге болмайды.

Жаңа талаптарға сәйкес, электросамокат жүргізушілері ең алдымен велосипед жолдарымен және веложолақтармен қозғалуы тиіс. Егер мұндай жолдар болмаған жағдайда, Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жағдайларға сәйкес жүріс бөлігінің оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар электросамокатты басқаруға байланысты жүргізушілерге бірқатар міндет қойылады. Самокат жүргізушісі 18 жастан асқан болуы және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігіне ие болуы қажет.

Қауіпсіздік талаптары да күшейтіледі. Электросамокат тізгіндеген адам қорғаныс шлемін киюге міндетті. Ал қараңғы уақытта жүрген кезде киімінде немесе өзге де жабдықтарында жарық шағылыстыратын элементтер болуы керек.

Жаңа тәртіп тек қозғалысқа ғана емес, электросамокаттарды тұраққа қалдыруға да қатысты. Самокаттарды тротуардың ортасына, жүріс бөлігіне, веложолға немесе автокөлік тұрағына қалдыруға болмайды.

Бұл талаптар қала көшелеріндегі қауіпсіздікті арттыруға, электросамокат жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына 25 тамыздан бастап электросамокатпен қозғалу кезінде жаңа ережелерді сақтап, белгіленген талаптарға мұқият болу ұсынылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close