Без рубрики

ЗАҢСЫЗ ОНЛАЙН КАЗИНОЛАРДЫ ЖАРНАМАЛАДЫ ДЕГЕН БЛОГЕРГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан азаматы, 2000 жылғы 19 ақпанда туған, «Маха.dxb» бүркеншік атымен танымал Махмуд Умидович Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады.

Агенттік мәліметінше, сот Хикматовты қамауда ұстауға санкция берген. Ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттауға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, интернет-казинолардың жарнамасын ұйымдастырушылар Махмуд Хикматовты осы іске тартқан. Оған Қазақстан аумағында жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, олардың көмегімен заңсыз құмар ойын сервистерінің жарнамалық материалдарын жариялату міндеті жүктелген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Хикматов 35-тен астам блогерді жарнамалық науқанға тартқан. Олардың қатарында блогер Қайсар Қамза да болған.

Қазіргі уақытта Махмуд Хикматовқа қатысты іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ісі бойынша түпкілікті құқықтық баға сот шешімімен беріледі.

Құқық қорғау органдары интернетте заңсыз құмар ойындарды және онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысты жауапкершілік бар екенін еске салады. Азаматтарға күмәнді платформаларды жарнамалаудан және олардың қызметіне аудиторияны тартудан аулақ болуға шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close