Без рубрики

АЛМАТЫДА 17 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАП КӨЗ ЖҰМДЫ

Алматыда 17 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жасөспірім құрбыларына қонаққа барған. Сол күні қыздар пәтерде бірге болған.

Марқұмның анасының айтуынша, ол қызына телефон арқылы хабарласқан кезде, жасөспірімнің құрбыларымен бірге алкогольді ішімдік ішіп отырғанын білген. Анасы қызына ескерту жасаған.

Кейін куәгерлердің айтуынша, 17 жастағы қыз жігітіне телефон шалып, оны алып кетуін сұраған. Жігіті тұрғын үй кешеніне келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермеген. Осы уақытта қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған жасөспірім оқиға орнында қаза болған.

Алматы қаласының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Тергеу барысында пәтерде болған адамдардан жауап алынып, оқиғаның қалай болғаны және жасөспірімнің терезеден құлауына не себеп болғаны анықталатын болады.

Полиция оқиғаның барлық нұсқасын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім тергеу нәтижесіне байланысты қабылданады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close