Без рубрики

ТОҚАЕВ ПУТИНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамына ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті жұмыс істеуіне тілектестік білдірді.

Телефон арқылы өткен әңгімеде мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар өзара байланыстардың қазіргі жай-күйі мен алдағы бірлескен жұмыстардың бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі кездесулер кестесін талқылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close