Без рубрики

НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ІС АПЕЛЛЯЦИЯДА ҚАРАЛАДЫ

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыда қаралады. Сот отырысы 24 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді. Бұл туралы марқұмның ағасы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот шешімімен Шерхан Аймахан кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»), 125-1-бабының 1-бөлігі («Некеге тұруға мәжбүрлеу») және 115-1-бабы («Сталкинг») бойынша кінәлі деп таныған.

Енді іс апелляциялық сотта қайта қаралып, бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігі талқыланады.

Апелляциялық сот отырысының қорытындысы бойынша сот алқасы тиісті шешім қабылдайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close