Без рубрики

ТОҚАЕВ АРМЕНИЯ БАСШЫЛАРЫН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Ваагн Хачатурян мен Премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады.

Құттықтауында Мемлекет басшысы Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығын елдің ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын айшықтайтын маңызды тарихи дата ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Армения арасындағы мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

«Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. Қазақстанның Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын», – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Армения басшыларына мемлекеттік қызметінде табыс, ал достас армян халқына бақ-береке тіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close