АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БІР КҮНДЕ ЕКІ ӘКІМ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Ақмола облысында Степногорск қаласы мен Аршалы ауданының әкімдері қызметінен босатылды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың 21 қыркүйектегі өкімімен Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжанов атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Гайдар Қасенов Степногорск қаласының әкімі қызметіне 2024 жылғы 13 қарашада тағайындалған. Ал Достанбек Есжанов Аршалы ауданының әкімі қызметіне 2024 жылғы желтоқсанда келген.
Қазіргі таңда екі әкімнің де қызметтен босатылу себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Сондай-ақ олардың орнына кім тағайындалатыны әзірге белгісіз.
Гайдар Қасенов бұған дейін Шортанды ауданы мен Қосшы қаласын басқарған. Достанбек Есжанов Аршалы ауданына дейін Біржан сал ауданының әкімі және Бурабай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.



