Спорт/Шоу-Биз

ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Шымкент әуежайында жүздеген жанкүйер Токио-2020 олимпиадасына қатысқан үшінші мегаполистің спортшыларын күтіп алды. Жиналған жұрт ел қоржынына каратэден қола медаль салған Дархан Асаділов пен Софья Берульцеваға және жарыста өнер көрсеткен Данияр Юлдашевқа ерекше құрмет көрсетті.

Қатысушыларды күтіп алуға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те арнайы келіп, ел мақтаныштарын жеңістерімен құттықтады. Ал демеушілер Дархан Асаділовқа Toyota Camry-70 кілтін табыстаса, Софья Берульцеваға Toyota RAV4 автокөлігін тарту етті.

– Халық артқан сенімін ақтадыңыздар, ел намысын қорғадыңыздар! Сіздер нағыз батырсыздар! Шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер! — деді қала әкімі.

Жанкүйерлер мен спортшылардың туыстары құттықтауларын жаудыртып, гүл шоқтарын сыйлады. Олимпиада жүлдегерлері жарыстан алған әсерлерімен және жоспарларымен бөлісті.
– Каратэ олимпиадаға бірінші рет енген соң қобалжуымыз да болды. Бірақ осы олимпиадаға жақсы дайындалдық. Қола бұйырыпты. Алда Азия және әлем чемпионаттары бар. Кішкене демалыс алып, сол жарыстарға дайындықты бастаймыз. Барша жанкүйерлер мен спорт сүйер қауымға айтар алғысым шексіз, — деді олимпиаданың қола жүлдегері Софья Берульцева.

Айта кетейік, Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындары 8 тамыз күні өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 8 қола медальмен 83-орынға тұрақтады. Енді келесі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close