АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қатысты тұрғындардың өзекті мәселелерін бақылауға алу, заң аясында шешу, халықпен кері байланыс орнату жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Басқарма басшысы Б.Нарбекова кезекті қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда бұл жолы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлеріне қатысты өтініштерін жеткізді. Барлығына заң аясында кеңес беріліп, тиісті бөлім басшыларына мәселелерді шұғыл қадағалауға алулары тапсырылды.
Басқарма басшысының жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдау барысында тұрғындар басқарма басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.
Алдын-ала жазылуды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының кеңсе бөлімі (Нұрсат м/а, С.Бәйтереков көшесі, 89) 51 кабинет жүргізеді.