Білім

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ӨНЕРЛІ ПЕРЗЕНТТЕРІ

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Өнер" мектебінде "Өнерлі елдің өрендері" атты жылдық есеп беру концерті өтті.

Концертті «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты облыстық өнер фестивалінің ІІ орын жүлдегері, «Өнер» мектебінің балалар халық аспаптар оркестрі Сейтектің «Той бастар», Құрманғазының «Қызылқайың серпер» күйлерімен ашып берді. Республикалық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Мырзахан Мәди халық әні «Шымырды», фортепиано сыныбының оқушылары Махаббат және Қарақат Қалдарбековалар Берковскийдің «Вивальдиге еліктеу » шығармасын, балалар вокалдық аспаптар ансамблі Сейдолла Бәйтерековтың «Түркістан » әнін, облыста өткен жас музыканттардың 54 байқауының жүлдегерлері Сейдалы Аянат пен Абишева Айгерім Е.Брусиловскийдің «Шолпанын «, қобызшылар ансамблі Ақан Серінің «Қараторғайын», сырнай шығар, жас музыканттардың І аудандық байқауының бас жүлдегерлері Октамов Дастан мен Атымтайұлы Қасымжомарт Н.Тілендиевтің күйі «Ата толғауы», халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты, ұрмалы аспаптар сыныбының оқушысы Айнабек Диас румын биі «Жаворонокты «, Сәуле Нұрсейтова жетекшілік ететін балалар домбырашылар ансамблі халық күйі «Келіншекті «, сондай-ақ дәстүрлі ән сыныбының ұстазы Әбжан Жадыра оқушылары Нұрмахан Малика мен Джурабаева Аружанмен бірге дәстүрлі әндер шеруін шебер орындады.

Эстрадалық вокал сыныбының оқушысы Мейірбек Шахмардан Айсұлу Тәниеваның «Жасасын елім» әнімен концертті қорытындылады. Атқарылған іс-шараны көрермендер әлеуметтік желілерден тікелей эфир арқылы көріп, тамашалады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close