Білім

ГАЗЕТ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Болашақ — жастардың қолында. Сол себепті олардың дұрыс бағыт-бағдар алуына, ғылым, біліммен айналысуына аға буын өкілдері мейілінше қолдау көрсетуге тиіс. Осы бағыттағы ісшара Ордабасы ауданында көрініс тапты.

Мектеп оқушыларына біліммен қоса тағылымды тәрбие берілуі ләзім. Көрсем, үйренсем, білсем деген жастардың келешегі зор. Мұндай жағдайда аға буын өкілдері үлкен рөл ойнайды. Жастарға білген-түйгенін, ақыл-кеңестерін айтып отырады. Оқушылар олардан естігендерін ой елегінен өткізіп, өз өмірлерінде қолдануы керек.

  1. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары «Ордабасы оттары» газетінің ұжымымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, ондағы мамандардың жұмысымен танысты.

Газеттің редакторы Н.Шәмшіұлы мен тілші Ж.Оңғарбайқызы журналистиканың қызығы мен қиындықтары туралы, мамандық таңдау жайында сөз етті. Оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close