Шымкенттік тұрғынға ұялы телефон алып беремін деп алдаған алаяқ анықталды
Шымкент қаласы Полиция депаратаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» нөмірі арқылы Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға сеніміне кіріп, ұялы телефон алып беремін деп, алдын ала 65.000 теңгесін алған. Алайда соңынан не телефон алмай, не ақшасын қайтармай алданып қалғандығы туралы жазып, көрсеткен.
Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтаған. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Егер, Сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.