Саясат

ДЕПУТАТТАР ҚҰРҒАҚ УӘДЕНІҢ ИЕЛЕРІ ЕМЕС ЕКЕНІН КӨРСЕТУДЕ

Халық қалаулылары, бүгін біраз елді мекенді аралады. Шымкент қаласы маслихатының соңғы шақырылымның су жаңа депутаттары құрғақ уәденің иелері емес екенін көрсетіп үлгеруде..
Есту басқа, көзбен көріп, ел ішімен араласып жүргендерін ілуде болмаса, байқай бермейміз.
Б.Аширбаев пен Т.Балтабаев бүгін Еңбекші ауданының «Маятас», «Жыланбұзған», «Елтай», «Базарқақпа» елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп тұрғындарының мәселелерімен жақын танысты.

“Мәселе әрине жетіп артылады» — дейді депутаттар. Оның шешімі бюджеттегі қаржыға көп байланысты. Бірақ, уақыт күттірмей шешімін табуы тиіс негізгі мәселелер бар. Олар қандай?
Бірінші, «Базарқақпа» елді мекеніндегі мәдениет үйінің апатты жағдайда тұрғаны.
Екінші, «Елтай» тұрғын алабына жаңа жолдар салынып, көшелерін жарықтандыру мәселесі.
Үшінші, «Жыланбұзғанда» балабақша жетіспеушілігін шешу. Егер балабақша салынса көп ата-аналардың жұмысқа байланысты мәселелері жеңілдейді.
Бұдан бөлек, «Маятас» тұрғын алабын қаламен байланыстырып тұрған Бадам өзеніндегі аспалы көпірдің апатты жағдайда екені. Көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін уақыт әлдеқашан жеткен сыңайлы. Себебі 1970 жылдан бері тұрғындарға «төте жол» болған аспалы көпірге мардымды жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі сиқы апатты жағдайда. Елді мекен тұрғындары көктемде болуы мүмкін су тасқыны мен өзге де төтенше жағдайларға бұл аспалы көпір төтеп бере алмаса, жағдайымыз не болады деп алаңдаулы. Талай жылдан бері тұрғындардың игілігіне жарап келе жатқан аспалы көпір ешқандай мекеменің меншігінде емес. Сондықтан да тұрғындар осы күнге дейін өз қалталарынан ақша шығарып, бірнеше рет жөндеген. Бірақ оның қазіргі жағдайы тұрғындардың қолымен жасалатын ағымды жөндеуге келмейді.

«Алдағы уақытта біз тұрғындардың осы мәселелерін мәслихат мінберінде көтеріп, оң шешімін табуына атсалысатын боламыз», — дейді, ел азаматтары фейзбук парақшаларында.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close