Білім

«Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы аясында оқушыларға жол ережесін үйретуде

Шымкент қаласы аумағында Полиция департамент тарапынан «Абайлаңыз, балалар» тәртіптік іс-шарасы өткізілуде. Оның басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.
Осыған орай, Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Есенбек Мадияр «Абайлаңыз — балалар!» құқықтық іс-шарасының негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полиция қызметкерлері тарапынан жасы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына, сондай-ақ жасөсіпірімдерге жол жүру ережесін сақтау, жаяу жүргіншінің бағдаршамның тек жасыл түсіне өту, жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратыны туралы айтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close