ТІРЕК ҚИМЫЛ АППАРАТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ЖӘНЕ КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН СПОРТШЫЛАРДЫҢ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Шымкентте тірек қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI спартакиадасы басталды.
Көрме орталығында өтіп жатқан жарыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев қатысты.
Жарыста еліміздің 17 аймағынан келген 263 спортшы бақ сынауда. Оның ішінде 86 спортшы тоғызқұмалақ, 82 спортшы дойбы және 95 спортшы шахматтан бәсекеге түседі. Жарыстың финалдық кезеңдері және жабылу салтанаты 25-қыркүйекке жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі дода 21-25 қыркүйек аралығында өтеді. Спорттық бәсекеге қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы.