#Жастар

ЖАСТАР АРАСЫНДА КЕРІ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарымен бірлесе отырып, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
Нашақорлықтың, суицидтің алдын алу;
Кереағар діни ағымдар мен секталардың іс- әрекеттердің
алдын алу;
Адам саудасының алдын алу бойынша түсіндіру;
АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ/ЖИТС-дан тексеруден өту.

Іс-шара барысында кәмілетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, суицидке жол бермеу, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен кереғар діни ағымдар мен секталар, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында айтылды.

Аталмыш түсіндіру жұмыстары «Парасат колледжі» студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close