Қоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ «ШАҢЫРАҚ» ОРТАЛЫҒЫ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте ашылған «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы жыл басынан бері 10 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсеткен.

Орталық осы уақыт ішінде 4893 офлайн, 5092 онлайн түрде жеке кеңестер беріп, мұқтаждықтары бойынша сұрақтарына жауап берген. Ал, 405 азаматқа психологтың жеке кеңесі берілсе, 187 мұқтаж отбасыларға құқықтық кеңес берілген. Түрлі деңгейдегі 266 курс сабағы өткен.

Орталықтың басты мақсаты — аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қысқа мерзімді курстарға жіберу, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру.

Сонымен қатар, келушілерге ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер ұсынылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close