Саясат

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ САНАҚҚА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы 1 қазаннан бастап дәстүрлі санақ жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Бүгінде аудан аумағы 28 учаскіге бөлініп, онда орам басқарушылары мен еріктілерден құралған 28 нұсқаушы-бақылаушы мен 192 интервьюер жұмыс атқаруда.

Әл-Фараби ауданына халық санағын жүргізуде үлкен жауапкершілік артылып отыр. Себебі, бұл ауданда халық тығыз шоғырланған. Тұрғындардың ұлттық санаққа деген белсенділігін арттырып, назарын аудару мақсатында арнайы көлік дабыл қағып, азаматтарды санақтан өтуге шақыруда.

Қазір ұлттық санақтың екінші кезеңіне сәйкес азаматтар онлайн форматта санақтан өтіп жатыр. Бұл ретте sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн тіркелу 15 қазанға дейін қолжетімді. Ал, онлайн санаққа қатыса алмағандар 30 қазанға дейін интервьюерлердің көмегімен дәстүрлі тіркеуден өте алады. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлер үй аралау кезінде электронды планшет қолданатын болады.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев интервьюерлермен бірге көпқабатты және жеке үйлерге барып, тұрғындарды тіркеу процесін жіті бақылауында ұстап жүр. Және аудан азаматтарын елімізде өтіп жатқан демографиялық және саяси маңызды іс-шарада белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында адам көп шоғырланатын 10 ғимаратта онлайн тіркеу бұрыштары да ұйымдастырылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close