#Жастар

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТКІСІ КЕЛЕТІН ЖАСТАР АЗ ЕМЕС

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастырумен «Жастар арасында құқық қорғау органдарында қызмет етуді дәріптеу» тақырыбында жиын өтті.

Кездесуге «Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және Әбілхан Қастеев атындағы Шымкент қалалық өнер және дизайн колледжінің студенттері қатысты.

Сондай-ақ кездесу барысында қатысушылар арасында өз-ара пікір алмасып, жастарға толыққанды мәліметтер берілді.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің құрылғанына биыл 20 жыл. Олар мемлекеттік, стратегиялық маңызы бар объектілердің, жеке тұлғалардың қауіпсіздігіне жауапты. Құқық қорғау ісіндегі міндеттерді кәсіби түрде орындау, оқиғалар мен қылмысқа шұғыл түрде әрекет ету, зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету – полиция полкі қызметкерлерінің маңызды міндеті. Бүгінгі күні Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінде 687 (алты жүз сексен жеті) полиция қызметкері мемлекеттік нысандардың тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алып, жолын кесу – полиция қызметкерлерінің күн сайынғы қажырлы еңбегі.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close