ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ — ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚХА кеңес мүшелерінің кеңейтілген отрысы өтті.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз баяндамасында сегіз басымдық аясында тоқталып нақты тапсырмалар берді.
Халықтың әл ауқатын жақсартып, экономикасының көтерілуі, қоғамдағы келісім, тұрақтылық, татулық және этносаралық бірлігіміздің арқасында екенін айтты.
Біз біртұтас ел болып қуатты қоғамға айналдық, бейбіт өмір, қоғамдағы көпұлтты қазақстандықтардың ұлтаралық татулығы мен ынтымағының арқасында бой көтерді. Дегенмен, сын қатерлер аз емес, жаңа белестерді бағындырып бірегей құрылым артында ел бірлігін тағы да нығайтуымыз қажет.
Еліміздегі бірлік пен ынтымақты дәріптейтін бір ғана конституциялық статусқа ие болған патриоттық қоғамдық институт яғни, бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы. Біз ассамблеяның жұмысын әрі қарай дамытуымыз керек.
Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдар ҚХА жұмысын жандандыру аясында жобалар дайындап жүзеге асыру және азаматтық қоғам институттарын дамыту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің жұмысын жандандырып, қолдау арқылы бала тәрбиесін нығайту мәселесіне кеңінен тоқталды.
Осы орайда, жастарды білім арқылы сонымен бірге әлеуметтік салада интеграциялануына үлкен мән беруіміз керек, олар бір тіл үйренуімен шектеліп қалмай, көп тілді білім беру тәсілін қолдануымыз қажет.
Әрбір отбасында аналар сәбилерін мемлекеттік тілде тәрбиелеуі қажет. Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген әрбір азамат халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін дамытуға өз септігін қосады.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылы көлемінде жеткен жетістігіміздің барлығы еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің арқасында деп білемін. Ынтымақ бар жерде ырыс, бәреке бірге жүреді.
Икрам Хашимжанов,
Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері
«Дустлик» қауымдастығының төрағасы