#Жастар

ТӘРТІПТІ БОЛ, ӨЗ КЕЛЕШЕГІҢДІ ОЙЛА!

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші АПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жол-көлік колледжінің студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәріс өткізді.
Бұл кездесудің басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауатын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.


Кездесу барысында оқушылармен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close