#Ауыл шаруашылығы

ШЫМКЕНТТЕ СӘБІЗ ӨСІРУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Шымкентте ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері және Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің қатысуымен «Шымкент қаласының жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбізді аулада өсіру технологиясын енгізу» жобасы бойынша семинар-кеңес өтті.

Жиынның мақсаты – Шымкенттің жасыл белдеуінің сұр топырақтарында сәбіздің қарқынды сорттарын өсірудің тарақты технологиясын енгізу, тамшылатып суғару әдісін қолдану, экологиялық таза өнім алу және тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамту.

Қаладағы жеке тұрғын үй телімдерінің 60 пайызында іргелік жерлері бар. Сол жерлерге инновациялық тәжірибені қолдана отырып, сәбіз егу арқылы отбасылық кәсіпті жүзеге асыруға да болады. Себебі асханалық сәбіз – құрамында дәрумені бар жетекші көкөніс дақылы ғана емес, техникалық дақыл ретінде де экономикалық маңызға ие.

Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа технологияны «BES-TULIK» шаруақожалығына енгізбек. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға мүмкіндік туады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close