#Жастар

БЕЛГІЛІ СПОРТШЫЛАР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында ел намысын қорғап жүрген белгілі спортшылардың жастармен кездесуі өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылына орай ұйымдастырылған «Жұлдызды 30 күн» атты шараның аясында өткен кездесуге каратэ шебері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов, пауэрлифтингтен 7 дүркін әлем чемпионы Ксения Хан және кикбоксингтен 2 дүркін әлем чемпионы Фазлиддин Сафаров қатысты.

–Тәуелсіздіктің 30 жылы қарсаңында жастармен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл шын мәнінде өте маңызды мереке. Себебі, адам баласы үшін азаттықтан артық, еркіндік пен теңдіктен қымбат ештеңе жоқ. Мұны, әсіресе, халықаралық жарыстарға барған кезде ерекше сезіндім. Арқаңда бірлігі бекем, қуатты мемлекетіңнің бар екенін сезіну спортшының өз-өзіне деген сенімін артырып, рухын күшейте түседі. Сондықтан осындағы барша жастарды елге адал қызмет етуге шақырамын. Сіздер мейлі спортшы боларсыз немесе басқа салада еңбек етерсіз, өз ісіңізді адал атқаруға, адамдарға пайдаңызды тигізуге ұмтылсаңыз, меніңше, елге қызметтің үлкені сол, – деді Дархан Асаділов.

Кездесу барысында жастар спортшылардан Олимпиададан алған әсері, жетістікке жетудің сыры мен әр спорт түрінің ерекшелігі, болашаққа құрған жоспарлары туралы сұрады. Өз кезегінде спортшылар жастардың сұрақтарына жауап беріп, іні-қарындастарына ақыл-кеңестерін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close