Без рубрики
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСУ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы «Темірлан» жалпы орта мектебінде «Отбасы сағаты» акциясы аясында «Ата-анам және мен болашаққа сеніммен» тақырыбында Ордабасы ауданының құрметті азаматы Сағымбек Медеу Балбекұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Мұндағы мақсат — оқушылар бойында отбасын, ата-анасын, туыстарымен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту.
7-10-сыныптар арасында өткен кездесуде Медеу Балбекұлы өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ел үшін, жер үшін қызмет етіп, Қазақстанның патриотты ұл-қыздары болуға шақырды.