Білім

Ауғанның отты жалыны

Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 32 жыл толды. Жүздеген жас жат елінде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Бұл күнді атап өту — өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, азаматтық ұстанымын нығайтудағы бірден-бір үлгі болып табылады.

Осыған орай, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы «Темірлан» жалпы орта мектебінің 10-сынып жетекшісі Тұяқбаева Жазира мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сарымсақ Бекеттің ұйымдастырумен  (қашықтықтан) «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.

Сабаққа Ордабасы ауданының ауған соғыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Ералхан Бектай, ауған ардагері Исмайлов Рүстем, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мырзабеков Ержан қатысты. Сынып оқушылары қашықтан батырлық, ерлік туралы ақындардың жырларын оқып, Отан қорғау қазіргі таңда жастардың еншісінде екенін тілге тиек етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close