Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАРИХНАМАСЫ

1. 1991 жыл, тамыз:
1991 жылы тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып, қоғамдық мүлік билікке берілді.
2. 1991 жыл, 24 тамыз:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы қабылдады.
3. 1991 жыл, 29 тамыз:
Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы шықты.
4. 1991 жылы тамыз-қазан айлары:
Президенттің Жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Одаққа бағынышты кәсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп, республикада алтын қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды.
5. 1991 жыл, 2 қазан:
Қазақтың тұңғыш ғарышкері — Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
6. 1991 жыл, 16 қазан:
«Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы» Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды.
7. 1991 жыл, 1 желтоқсан:
Қазақ КСР-інің Президентінің сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 пайыз дауысына ие болған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
8. 1991 жыл, 10 желтоқсан:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заңын қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.
9. 1991 жыл, 12 желтоқсан:
«Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
10. 1991 жыл, 16 желтоқсан:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады және бірнеше сағаттан кейін Түркия Қазақстанның және басқа да тәуелсіздігін жариялаған Кеңес Одағы елдерінің тәуелсіздіктерін таныды.
11. 1991 жыл, 21 желтоқсан:
Алматы қаласында Кеңес Одағының 11 республикасының басшылары Алматы деклорациясына қол қойды.
12. 1991 жыл, желтоқсан:
Алматыға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер келді.
13. 1991 жылдың желтоқсаны:
1991 жылдың соңында Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close