#Жастар

ТӘРТІП ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ

Шымкент: Полицейлер жасөспірімдерге Еңбекші АПБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция майоры Гулмира Пашаева №95 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тәрбиелік маңызы мол сағаттарын өтті.
Кездесуде жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, , жеткіншектер арасында жаман әдетке үйір болмау, ішкі тәртіпке бой ұсыну, адасып қалу фактісін болдырмау үшін әрбір бөлімге жауапты тәрбиешілерден көз жазбау. Сондай-ақ, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, жазатайым оқиғаларға ұшырамау, тақырыбында сөз қозғалды.
Жиналысқа қатысқан оқушыларымыз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Айта кететін ақпарат, алдағы уақытта да полиция қызметкерлерімен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға қатысты тәрбиелік жұмыстар жалғасын таба бермек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close