СТУДЕНТТЕР БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАДЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Парасат»колледжінде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар -ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын жүзеге асыру шеңберінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан-зайырлы мемлекет», «Казахстан-светское государство» тақырыбындағы жалпықазақстандық ашық диктант жобасы студенттер арасында кеңінен жүргізілді.
Ашық диктант – мемлекеттік тілді білуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, ұлттық дүниетанымды қалыптастыру, қоғамдық және ұлттар арасындағы келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат етеді. Бұл бақылау диктанты 1 және 2 курс студенттерінің шығармашылық зейінін байқау мақсатында ұйымдастырылған. Аталмыш диктант жобасына қатысушылар сауаты мен білім деңгейлерін тексере отырып, еліміздің өмір сүру мәдениетінен біршама ақпараттар біле алды деп айта аламыз.