#Жастар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі құзырлы мекемелермен бірлесіп білім беру ордаларында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында жоспарланған кездесулер өткізуде.

Жоспарға сәйкес, ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кереғар діни ағымдар мен секталардың құрбаны болудың алдын алу.

Осыған дейін аталмыш іс-шара аудан аумағында 23 рет ұйымдастырылып, жергілікті полиция қызметкерлері мен сала мамандары кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүру фактілерін және өзге де қылмыстық істердің алдын бойынша 15 рет түнгі рейдтік жұмыстар ұйымдастырған.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жасөспірімдер жиі бас қосатын 24 қауіпті нысан анықталған. Бүгінде оның 10 толығымен ретке келтіріліп, қалған қауіпті аймақтар бойынша жауапты мамандар тиісті жұмыстар атқаруда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close