Тәуелсіздікке — 30 жыл

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХНАМАСЫ

— Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.

— 2011 жыл Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль иеленді. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс және 18 қола алды.

— 2011 жылы 5 наурызда Астанада Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезі болып өтті.

— 2011 жылы 25 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы салтанатты түрде ашылды.

— 2011 жыл 16 желтоқсанда Мемлекет басшысы Астанадағы «Мәңгілік Ел» қақпасының ашылу салтанатына қатысты.

— 2011 жылдың тағы бір ерекшелігі – осы жылы  Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді. Сонымен қатар, 14 желтоқсан күні Парламент Сенатының салтанатты жиынында Президентке Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған төсбелгі табыс етілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close