Тәуелсіздікке — 30 жыл

ШЫМКЕНТТЕ ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Еріктілер» күніне орай «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасы аясында шара болып өтті. Арнай шараға мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов және мәслихат депутаттары, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, , «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов қатысты.

Еріктілер – үлкенді-кішілі көмектің сан түрлерін барша жұртшылықтың игілігі үшін сыйақы есептеусіз, қайтарымсыз, ерікті түрде жүзеге асырып, мұқтаж жандарға көмек қолын созушылар. Өзгелердің игілігі жолында саналы да риясыз еңбек еткен кез-келген адам ерікті болып табылады.

Ерікті топтардың атқарар қызметтері де сан алуан. Айталық, қалауларына қарай экологиялық қозғалыстар, ағаштар мен гүлдерді отырғызу, халықтың қауқарсыз тобы: жалғызбасты қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен үйсіз отбасыларға қаржылай көмектер, ірі қалалық, халықаралық іс-шаралар мен фестивальдарды ұйымдастыруға атсалысу ерікті топтар құзырында. Жүректері иманмен нұрланған, жандары жақсылыққа құмар жанашырлардың игі қызметтері ел тарихында қалатыны анық. 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып бекітілуі еліміздегі 200-ден астам еріктілер ұйымы мен 50 мыңнан астам белсенді еріктілеріміздің игі істеріне шабыт сыйлады.

Осындай шараның ұйтқы болуына елеулі үлес қосқан еріктілердің бірі «Мобиль плюс Көмек» қайырымдылық қорының негізін қалаған Наргиза Керімбаева «Ерікті болу – ерлік!» ұранымен Шымкент қаласындағы үздік еріктілерге сый сыйапатын жасап, Шымкент қаласы мәслихат хатшысы Алғыс хаттармен марапаттады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close