АСТАНА — ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЛІГІ
Егемендік алған 30 жыл уақыт ішінде еліміз жоғары жылдамдықпен дамып, бұрын болмаған жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды, бүгінгі ұрпақтың бойында ертеңге деген сенім, нақты мақсат пайда болды. Ел мерейінің асқақтауы үшін еңбек сіңірген ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев.
Астана – Президенттің жасампаз қолтумасы және қайталанбас жауһары. Тәуелсіздік туы көтерілген күрделі жылдар туралы Президент өзінің «Қазақстан жолы» еңбегінде: «Біз Астананы нөлден бастадық. Көшіру барысында барлық қиындықтарды бастан өткердік. Бұл бізге арман болатын. Енді керемет қала, Қазақстанның жүрегі және мақтанышы» деп жазған болатын.
Астана – сәулеті мен дәулеті жыл санап кемелденіп келе жатқан қала. 20 жылдық тарихи тойын тойлаған ару Астана халықаралық маңызды жиындардың, симпозиумдар мен форумдардың ордасына айналды.
Қазақстан елордалы елге айналып, әлемдік аренада орын алса, бұл Елбасының ерен еңбегі.