«ЖЕТІ ТҰҒЫРДЫҢ» ӘРБІР ТАҚЫРЫБЫ МАҢЫЗДЫ
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» мұратын жүзеге асырудың жеті тұғырын айқындап берді. Елбасының бір-бірімен үйлесім тапқан жас ұрпаққа үндеуі барымызды бағалап, Тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды.
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын насихаттау мақсатында «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты «Халыққа қызмет»бастауыш ұйымында кездесу өтті.
Жиынды «Халыққа қызмет» бастауыш партия ұйымының төрағасы Исабеков Данабек Ержанұлы ашып, жүргізіп отырды. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы жеті тұғырдың әрбір тақырыбына жеке-жеке тоқталып, қарапайым мысалдармен түсіндірді.
Елбасымыз Тәуелсіздіктің 30 жылдық бедерінде кезең-кезеңімен, өз уақытымен тілімізді, дінімізді ұлттық болмысымызды, рухани кеңістігімізді дүркін-дүркін жаңғырту бағытында жыл аралап бірнеше ауқымды концепциялар жариялады. «Елдіктің жеті тұғыры» соның заңды жалғасы сенімді айта аламыз.