Қоғам
ШӨКЕЕВТІҢ ЖЕМҚОР КАДРЛАРЫ ҰСТАЛЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталыпты.
“Зам” әкім мемлекеттік сатып алуда “бармақ басты, көз қысты” әрекеті үшін құрылыс компаниясынан 4 млн теңге талап етіпті. Шенеунік жаман пиғылын делдал арқылы іске асырмақ болған екен. Сөйтіп, әкімнің орынбасары сыбайластарымен бірге қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалыпты. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін, Кентау қаласының әкімі пара алып ұсталған еді. Бір емес, бірнеше қызметкері жемқорлықпен қамалып жатса да, Шөкеевтің креслосы шайқалар түрі жоқ! Мүмкін, облыс әкімінің “крышасы” мықты шығар!
Сіз қалай ойлайсыз?!