Білім

«Ана – сая болар бағың болса, Әке – асқар тауың»

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасының 2019 жылғы 5 қыркүйектегі №VII қаулысына сәйкес мектепішілік Әкелер мектебін құрудың мақсаты — отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес «Әкелер мектебі» аясында аудандық семинар өтілді.

Тақырыбы: «Ана – сая болар бағың болса, Әке – асқар тауың».
Мақсаты: Мектеп пен ата – ана арасындағы байланысты нығайту. Отбасындағы әкенің бала тәрбиесіндегі ролі туралы түсінік беру.
Міндеті: Жанұядағы әкемен бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту. Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже: Әкелермен балалар арасындағы жағымды жағдай орнатып, бір – біріне деген сүйіспеншілік пен тығыз қарым – қатынас қалыптасады.

«Әке жолы – ізгі жол» атты пікір-талас 9 а сынып жетекшісі Досалы Замира.
«Әке – асқар тау» атты тәрбие сағаты 3 а сынып жетекшісі Бостанова Роза.
«Мои папа – самый лучший» атты тәрбие сағаты 4 г сынып жетекшісі Рябова Екатерина.
«Әке – Отбасы тірегі» атты тәрбие сағаты 7 ә сынып жетекшісі Жайықбаева Айнұр.
«Ана – сая болар бағың болса, Әке – асқар тауың» Дөңгелек стол 10 сыныптар. Сынып жетекшілері: Есжанова Гулмира, Темирова Алтынай, Бимурзаева Мейрамкүл.
Семинар осылайша кезекпен жүргізілді.

Әкелер мектебінің төрағасының орынбасары Қожагелдиев Асқар:

— Семинар барысында сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын мәнді, мағыналы өткізді. Оқушылар Ата-ананың отбасының тірегі болуының себебі неде?-деген сұраққа «Дөңгелек үстел» арқылы өз пікірлерін білдіріп, түйінді ойларын жеткізе білді. Әрбір оқушы болашақтағы өз мамандығы бойынша,әке мен ананың баға жетпес қазына екенін,олардың бала өміріндегі орны дүниенің ешбір байлығымен тең келмейтінін, бала жүректерімен жеткізе білуі, семинарға арнайы келген қадірлі қонақтардың көңілін бей-жай қалдырмады, — десе,  Ордабасы аудандық Әкелер мектебінің төрағасы Жүсіп Лесбек: «Біз мұнда әкелер мектебінің мүшелерімен жұмыс жүргізіп, ақыл кеңес береміз ба десек, мұндағы оқушылардың танымдық деңгейі бізден де жоғары болып тұр ғой»,  — дегені оқушылар үшін де семинарды өткізіп отырған ұжым үшін де зор мәртебе болды.

Халқымыздың байырғы ұғымында баланың ата ана алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Ендеше, игі жақсылар әрбір перзенттеріңіз Ана сүтін ақтайтын, саналы ұрпақтардың қатарынан болсын!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close