Қоғам
2024 ЖЫЛДАН БАСТАП ОҚУШЫЛАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ТЕКСЕРІЛЕДІ
ІІМ мәліметінше елімізде есірткіге тәуелді оқушыларды анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Shyndyq.kz хабарлайды.
Ол үшін ата-аналардан рұқсат алынады. Ал тестілеу кезінде псхиологтардың қатысуымен оқушыларға сұрақтар қойылады екен.
«2012 жылы балаларды тестілеуден өткізу ұсынылғанда ата-аналар қарсы шыққан. Ал қазір ата-аналардың барлығы қолдайды. Көбісі тексергенін қалайды. Себебі мұны бақылау қиын», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов.