ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі басталды. Этноауылда ашылу салтанаты өтіп, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Алғаш болып фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының көркемөнерпаздары ашты. Этноауылда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің және ауданның жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды. Содан соң дәстүрлі және халық әндері шырқалды.
Ал аптаның сенбі күні «Керуен сарай» туристік кешені аумағында гала-концерт өткізу жоспарланған. Осыған орай сайрамдық өнерпаздар әуезді ән мен би билеп, Түркістан кешін көңілді етті. Атап айтқанда, Нұршат Мұсырманқұл, Асқар Нұрсұлтан, Жастар квинтеті, № 1 Сайрам балалар саз мектебінің «Жетігеншілер» триосы, Аяла Айдарқызы, Сәбден Байбөрі, Еркеназ Ерғазықы, Айжан Сапарханқызы «Ақсу әуендері» ВИА-ның және «Ғунча» халық ансамблінің сүйемелдеуінде әсем ән шырқап, Үлгілі «Самұрық», «Айназ», «Айгөлек» би топтары көпшілік көңілінен шыға білді.
Аудан-қалалардың өнер ұжымдары алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, кезекпен келіп, өнерлерін көрсетеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін фестивальдің басты мақсаты – мәдениет пен өнерімізді дамыту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға бағытталып отыр.
Әрі қарай «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласындағы Мақтаарал ауданының мәдениет күндері болып өтті. Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында салт-дәстүр мен әдет-ғұмыр көріністері көрсетілді. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Дәстүрлі әнші, жыршы-термеші, айтыс және «Ақ алтын» халықтық ұлт-аспаптар ансамблінің концерті өткізілді. Ал дар ойыны көптің қызығушылығын тудырды. Мақтаарал ауданының жетістіктері туралы кітап және фото көрмелері, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, Мақта шаруашылық тарихи музей көрмесі жасақталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, қала тұрғындарына таратылды.
Өнерлі өлке фестивалінің басты мақсаты ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту болып саналады. Өнер байқауы жаз бойы өткізіліп, күз айларына дейін жалғасады. Мақтарал ауданының Түркістандағы мәдени іс-шарасына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері мен Қырғызстан елінен келген ЮНЕСКО ұйымының өкілі қатысып, тамашалады.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданының мәдениет күндері екі күнге жоспарланған. АЛғашқы күні яғни, 15 маусымда Этноауылда ұлттық спорттық ойындар (асық ойнау, гір тасын көтеру, арқан тарту, т.б.) сайысы өтті. Театралды қойылымдар көрсетілді. Одан бөлек «Керуен сарай» туристік кешенінде кешкі сағат 19:00-де аудан өнерпаздарының және кеш қонағы Жұбаныш Жексенұлы қатысуымен гала-концерт өтті.
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ЖҰБАНЫШ ЖЕКСЕНҰЛЫ ТҮРКІСТАНДА МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН БІРГЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Түркістанда Мақтаарал ауданының мәдени күндері қорытындыланды. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудан өнерпаздарының «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертіне белгілі әнші, өнер жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы қонақ болды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді. Бұдан бөлек «Дариға» би ансамблі, «Мерей» вокалды-аспапты ансамблі, «Тұмар» би ансамблі, Бекбосын Мықтыбек, Айна Мейірбекова, Лобархон Захидова, Макхамбай Құрбанов, Жаңабай Сайфуддинов, Жәнібек Тағаеев, Абдували және Саидвали Каландаровтар, Біржан Жанту, Нұрдәулет Жалалов, Мадина Әуезова, Олег Бахараев, Ақерке Зұлпыхарова және тағы басқалар өнер көрсетті.
Шараның алғашқы күні ұлттық құндылықтар дәріптелді. Этноауыл аумағында салт-дәстүр мен әдет-ғұмыр көріністері көрсетілді. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Дәстүрлі әнші, жыршы-термеші, айтыс және «Ақ алтын» халықтық ұлт-аспаптар ансамблінің концерті өткізілді. Ал дар ойыны көптің қызығушылығын тудырды. Мақтаарал ауданының жетістіктері туралы кітап және фото көрмелері, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, Мақта шаруашылық тарихи музей көрмесі жасақталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, қала тұрғындарына таратылды. Келесі күні күндіз Этноауылда асық ойнау, гір тасын көтеру, арқан тарту секілді ұлттық спорттық ойындарынан сайыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Содан соң театралды қойылымдар көрсетілді. Келесі болып мәдени көшті Сарыағаш ауданының өнерпаздары жалғайды.
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында тізгінді қолға алған Сарыағаш ауданыны Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарын таңдай қақтырды.
Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері көрсетілді. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Сарыағаш ауданының жетістіктері туралы кітап және фото көрмелері, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі жасақталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Сондай-ақ, «Neke Tour» неке қию рәсімі ұйымдастырылып, неке қиюға ниеттенге 20 жұп рухани шаһарда Сарыағаш ауданының мәдениет күндерінде некелерін қиды. Жас жұптарды аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев құттықтап, арнайы сыйлық табыстады.
Айта кетейік, Сарыағаш ауданының мәдениет күндері екі күнге жалғасты. Іс-шараның алғашқы күнінде «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтті. Ал, екінші күні, яғни 22 маусымда Этноауылда ұлттық спорттық ойын түрлерінен (қошқар көтеру, алыптар сайысы, асық ату, ләңгі тебу, садақ ату, қазақ күресінен) жарыстар өткізілді. Жарыс жемімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар «Керуен сарай» туристік кешенінде кешкі сағат 20:30-да аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті.
Осылайша, екі күнге созылған Сарыағаш ауданының Түркістандағы мәдени күндері өз мәресіне жетті. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара қатарынан екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Керуен сарай» туристік кешенінде аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала- концертке аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді. Концерт барысында «Еркетай» би тобы, «Саялы Сарыағаш» этно- фольклорлық ансамблі, «Назар тобы», Фархат Ескенеев, Глафира Богатова, Нұрлыбек Бұқарбай, Нұрсейіт Шырынхан, Дастан Шәріпбай, Бекзат Есалы, Ержан Исақов, Әлжан Шекербеков, Сәнім Исакқызы, Сая Бектұрсын, Хабиба Бауыржанқызы, Мадина Асқарова және тағы басқалар өнер көрсетті.
Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері көрсетілді. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Сарыағаш ауданының жетістіктері туралы кітап және фото көрмелері, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі жасақталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Келесі күні ұлттық спорттық ойын түрлерінен, атап айтсақ, қошқар көтеру, алыптар сайысы, асық ату, ләңгі тебу, садақ ату, қазақ күресі сынды түрлі т.б ойындардан жарыстар өткізілді. Ойын жеңімпаздарына сыйлықтар берілді.
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі Шардара ауданының Түркістандағы мәдениет күндерімен жалғасты.
Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында «ШардараАрмспорт» клубының тарихы және «Шардара чемпиондары» ауданнан шыққан үздік спортшылардың жетістіктерінің, «Сыр шерткен Сырдың қойнауы» Шардара аудандық өлкетану мұражайының көшпелі көрмесі, қолөнер, қылқалам шеберлерінің, дәстүрлі тоқыма бұйымдар көрмесі жасақталды. Сондай ақ, жүннен бұйымдар жасау технологиясының және кілем ,сырмақ, өрмек тоқу,жүн бояу және киіз басу,текеметке өрнек салу (ақ киіз), жүн түту, сабау,шүйке жасау,ұршық иіру тәсілдерінен шеберлік сағаты өтті.
Күні бойы қала қонақтарына қазақ салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру мақсатында көріністер қойылып, Ұлттық тағамдар көрмесін көпшілікке ұсынды. «Дәстүр тағылымы» тақырыбында сал-серілер, жыр, терме, күй, халықтық фольклор өнерінің шеруі және ұлттық дәстүрлер қойылымдары сахналанды. Күн соңында «Халық әні – қазынам» атауымен «Мерей» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Сонымен қатар, Шардара ауданының мәдени күндері аясында жастардың танымдық қабілетін арттыруға, интеллектуалды, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында «Ой мен ойын» интеллектуалды сайысы өтті.
Этноауыл аумағында ұлттық спорттық ойын түрлерінен сайыстар және аудан өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, «Көше театры шақырады» атты аудан өнерпаздарының әдеби-сазды театралдық қойылымы сахналанды. Ал сағат 16:00-де «Туған жерім Шардара, шаттық мекенім» атты кітап көрмесі жасақталып, «Ақ әжелер» халық ансамблі өнер көрсетті. Одан бөлек, Кешкі сағат 19:00-де «Керуен Сарай» туристік орталық алаңында «Жайнай бер,шағалалы Шардара» тақырыбымен аудан өнерпаздарының танымал эстрада жұлдыздарымен бірлескен гала-концерті болды.
Киелі Түркістан қаласында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Арыс қаласының мәдени күндері түңлігін түрді. Екі күнге созылатын бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы.
Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Мұнда келушілер Арыс қаласының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдаудың арқасында грант алып, кәсібін ашқан азаматтар өз туындыларын ұсынды. Ашық аспан астындағы көрмеге Арыс қалалық музейі де қаланың терең тарихынан паш ететін жәдігерлерді ұсынды. Ал суретшілер мен мүсіншілердің туындылары келушілерді ерекше тәнті етті.
Әрі қарай Этноауыл аумағында арыстық өнерпаздары мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бай салт-дәстүрімізді насихаттайтын керемет шаралар көрініс тапты. Мұнда ақ жаулықты әжелер тулақ тарту, текемет басу, «төркіндету», «қалау» секілді ғұрыптарды насихаттап, Түркістан жұрты мен келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
Арыстың дархан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлық көрсетті. Ал мерекелік кештің көрігін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ардагерлер ансамблі қыздыра түсті. Қазіргі таңда белең алып келе жатқан көше театры да көптің қызығушылығын тудырды. Мың бұралған арыстық бишілер мен күміс көмей әншілер ән-биден шашу шашып, өнерпаздар сахналық қойылымдар қойды. Осылайша, Арыс қаласының Түркістан қаласындағы мәдени күндері ашық деп жарияланды.
Арыс қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі 300-ге жуық өнерпаздың басын қосып, түркістандықтар мен қала қонақтарына өз өнерлерін паш етіп жатыр.
Екі күнге созылған бағдарлама «Керуен сарай» кешенінде арыстық өнерпаздардың қатысуымен өткен гала-концертпен қорытындыланды. Мерекелік шараға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мың бұралған арыстық бишілер мен күміс көмей әншілер ән-биден шашу шашып, Ербол Байырбеков бастаған танымал өнер жұлдыздары түркістандық көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық құндылықтарға толы іс-шараның алғашқы күні Этноауыл кешенінде келушілер Арыс қаласының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдаудың арқасында грант алып, кәсібін ашқан азаматтар өз туындыларын ұсынды. Ашық аспан астындағы көрмеге Арыс қалалық музейі де қаланың терең тарихынан паш ететін жәдігерлерді ұсынды. Ал суретшілер мен мүсіншілердің туындылары келушілерді ерекше тәнті етті.
Әрі қарай Этноауыл аумағында арыстық өнерпаздары мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен бай салт-дәстүрімізді насихаттайтын керемет шаралар көрініс тапты. Мұнда ақ жаулықты әжелер тулақ тарту, текемет басу, «төркіндету», «қалау» секілді ғұрыптарды насихаттап, Түркістан жұрты мен келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
Арыстың дархан халқы түркістандықтар мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дәм ұсынып, нағыз қазақы қонақжайлық көрсетті. Ал мерекелік кештің көрігін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ардагерлер ансамблі қыздыра түсті. Қазіргі таңда белең алып келе жатқан көше театры да көптің қызығушылығын тудырды.
Арыс қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі 300-ге жуық өнерпаздың басын қосып, түркістандықтар мен қала қонақтарына өз өнерлерін паш етті. Шараның екінші күні Этноауылда ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Арыс қаласының артынша, Түркістан қаласына «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестиваліне Келес ауданы келіп жетті. Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы. Мерекелік шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қоғам қайраткері Әлихан Байменов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған өнер адамдары қатысып, тамашалады.
Іс-шара Этноауыл кешенінен бастау алды. Алдымен мұнда келушілерге ұлттық сусындар ұсынылды. Қонақтар Келес ауданының қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалады. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрлер көрінісін саханалады. Қылқалам шеберлері мен кітап көрмесі жасақталды. Ауданда өндірілетін тауарлар көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар Келес ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы сахналанды. Айтыс, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариевтің айтуында рухани-мәдени керуен қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.