Қоғам

АЛАШТЫҢ СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен Алаштың бес арысы деген атпен ел есінде қалған ұлы тұлғаларымызға арналған «Алаштың сөнбес жұлдыздары» тақырыбында аудандық байқауы өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен байқауға аудандағы 16-29 жас аралығындағы жастардан 12 үміткер қатысты. Сайыста аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лаззат Илимова, «Бекет» газетінің тілшісі Дина Утебаева, «Б.Момышұлы» атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лаура Эльмуратова қазылық етті.

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлтын сүйген ұлы тұлғаларымыз Алаштың бес арысы жайлы және қазақ ұлтына сіңірген ерен еңбектерін танытатын шығармаларын кеңінен насихаттау, дәріптеу, жастарды адамгершілік, рухани тәрбиеге баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауда қатысушылар екі кезең бойынша сайысты. «Сәлемдесу – салтымыз» кезеңінде қатысушы үміткерлер өзін таныстырса, екінші кезеңде Алаштың бес арысы деген атпен ел есінде қалған ақын – жазушыларымыз М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтардың кез келген  шығармаларының бірінен топтық көрініс қойды.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге «Ә.Жангелдин» атындағы мектебінің қатысушысы Фариза Наматуллаева лайық деп танылды. І орын «Ю.Гагарин» атындағы мектептің қатысушысы Нұрислам Рысбекке берілсе, ІІ орын «М.Мақатаев» атындағы мектептің қатысушысы Толғанай Мамырзақтың еншісіне бұйырды. Ал «Ә.Молдағұлова» атындағы мектептің қатысушысы Гүлназ Нұржан мен «Қ.Сәтбаев» атындағы мектептің қатысушысы Дана Әбсаттар ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close