ОТЫРАР МҰРАЖАЙЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның директоры Айбек Кыстаубаевич Жандосов пен Кэмбридж Университеті Кингс Колледжі археологы Доктор Кети Кемпбел өзара ынтамақтастық меморандумына қол қойды.
Бұл меморандумның мақсаты – ежелгі Отырарды зерттеудегі әр тараптың рөлі мен жауапкершілігін анықтау. Қазақстан мен Ұлыбритания арасында көне Отырар қалажұртын етене түсіну, зерттеуді тарату және ілгерілету үшін тараптардың ынтымақтасу жолдарын белгілеуге арналған.
Бұл бірлескен зерттеулер, әсіресе археологиялық қалдықтарды қазу және тіркеу, қалпына келтірілген материалдарды талдау (ботаникалық, өнеркәсіп қалдықтары т.б) және нәтижелерін халықаралық журналдарда жариялау арқылы жүзеге асырылады.
Алдағы уақытта, меморандум аясында қос тараптың ықпалымен ауқымды жұмыстар жүзеге асырылатын болады.
ОТЫРАР МҰРАЖАЙЫ
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайы 1979 жылы 11 мамырда Қазақ КСО Министрлер Кеңесі шешімімен ұйымдастырылған. Оның түп бейнесі Тимур станциясы мектебіндегі 1967 жылы 17 мамырда суретші және тарихшы Асантай Әлімовпен құрылған кішігір мұражай болып табылады. 1975 – 76 жылдардан бергі кезеңде мұражай облыстық тарихи – өлкетану мұражайының аудандық филиалы саналып келген. Мұражайдың қазіргі заманғы ғимаратының негізі 1979 жылы қаланған және 1982 жылы мұражай келушілерге есігін айқара ашты. Отырар мұражайы басты ғылыми – зерттеушілік орталық және 200 жылдам астам уақыт бойы аймақтың экономикалық және сауда орталығының маңызына айналған ежелгі Отырар қаласы тарихының бірегей ескерткіштерінің қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық құнды заттардың қоймасы болып табылады.
Қорық – мұражай жалпы аумағы 3048,5 кв.метр территорияны алып жатыр. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайының құрамына 4 Республикалық маңызды археологиялық ескерткіштер, 216 жергілікті маңызды археологиялық ескерткіштер кіреді. Бұған Отырар оазисінің ежелгі қалалары жатады: Отырартөбе, Құйрықтөбе, Көкмардан, Алтынтөбе, Ақтөбе, Жалпақтөбе, Арыстан баб кесенесі мен басқа да тарихи ескерткіштер.
Мұражай экспозициясы екі бөлімнен тұрады: археологиялық және этнографиялық. Археологиялық залдағы ең ескі көрме қоймаларына қола дәуіріне жататын экспонаттар жатады. Негізінен бұл Отырар қаласы, Көкмардан ескі қаласы мен қорымының қазба жұмыстары кезінде табылған балшық ыдыстар мен басқа да үй шаруасының керек – жарақтары. Жануарлардың бейнелері түрінде, әсіресе көбінесе қой, ит, жылқы бейнесінде жасалған тұмарлар қызықты экспонаттардың біріне жатады. Залдағы экспонаттардың ішінде жер шаруашылығы мен көшпелі мал шаруашылығының дамығандығынан хабар беретін еңбек құралдарының қалдықтары көптеп кездеседі. Көрмеде керамикадан жасалған бұйымдардың кең түрі көрерменге ұсынылған. Олардың көбісі реставраторлар қолынан қайта қалпына келтірілген. Ғасырлар билігіне мойынсұнбаған материалдардың түсі мен мықтылығы таң қалдырмай қоймайды. Суды және тамақ өнімдерін сақтау мен тасымалдауға арналған ыдыстар тобынан құмандарды атап кетуге болады. Керамикадан жасалған ыдыстардың ішінен шырағдандар, біздің заманымызға дейінгі 11 – 12 ғасырларға жататын дастархандар, құмған, шелектер ерекше көзге түседі. Сонымен қатар бұлармен қатарлас балшықтан жасалған ыдыс – аяқтар, мешіт қабырғаларын қаптауға және қоғамдық моншалар едендерін жабуға пайдаланылатын тақтайшалар да бар. Қала инфрақұрылымының жоғары даму деңгейін сутартқыш жүйе фрагменттерінен де көруге болады.
Отырар дамуының кейінгі кезеңі ХVІІ ғасырға керамика, нәзік фарфордан жасалған ыдыстар, темір еңбек құралдары, алтын, күміс және жезді тиындар, бидай мен мақта қалдықтары, кескінделген ағаш панельдер, кірпіштер мен күйдірілген сары балшықтан қапталған тақтайшалар жатады.
Этнографиялық бөлімде жергілікті халықтардан жинастырылған ХІХ – ХХ ғасырларға жататын экспонаттар ұсынылады, оларға тұрмыс заттары, зергерлік бұйымдар, музыкалық саймандар, көшпелі мал шаруашылығы, жер шаруашылығы, балық ісі, аң аулаушылықпен байланысты еңбек құралдары жатады. Бұл жерде халықтың рухани мәдениеті мен киіз үй жабдықтарымен өте тығыз байланыстағы қыран аулаушылық заттары да бар. Құнды көрме қоймаларына сүйектен жасалған әшекей бұйымдар, алтындалған күміс белбеу, зергерлік бұйымдар – сырға, жүзік, шолпы жатады. Олар көрмеге ерекше бейне береді.
Сонымен қатар мұражайда Әбу Насыр әл – Фарабидің кітапханасы да ұйымдастырылған. Оның қорында 3 мыңнан астам басылым, әл – Фараби мен оның шәкірттерінің еңбектері сақталуда.
Мұражай ғылыми жұмыспен белсенді айналысады. 2001 жылы Жапониямен ынтымақтаса отырып, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – мұражайы Республикалық ғылыми – зерттеу институтымен бірге ежелгі Тараз ескерткіштерін қайта қалпына келтіру мен бұзылудан қорғау жұмыстарына қатысты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Ежелгі Отырардың қайта жаңғыруы» бағдарламасы бойынша жұмыстар кеңейтілді. Сырдария жағалауларында зерттеулер жүргізілді, сол жұмыстың барысында 300- дей бұрын танылмаған тарихи ескерткіштер анықталды. XIV ғасырдың шығыс моншасы қайта қалпына келтірілді. Өткен жылы Отырарда қаланың шығыс қақпаларына қазу жұмыстары жүргізілді.