ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «25 –ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ» ОРАЙ ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
2024 жылдың қазан айының 16-20 күндері аралығында 25-қазан Республика күніне орай Жетісай қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында «Біз спортшылар нашақорлыққа қарсымыз» атты ұранымен футболдан 2013-2014 ж.т жасөспірімдер арасында Жетісай ауданының ашық біріншілігі өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, «Жетісай ұлттық спорт клубы» КММ-нің директоры Ерлан Раймбердиевтер қатысып, жасөспірім спортшыларға сәттілік тіледі.
Ашық біріншілікке облыс бойынша Түркістан қаласы, Жетысайауданы, Мақтаарал ауданы,Шардара ауданы, Келес, Сарыағаш аудандарынан және Арыс қаласынан жалпы 14 команда қатысып, жарыс қорытындысы нәтижесінде:
І орын Арыс қаласы №3 БЖСМ
ІІ орын Жетісай ауданы №1 БЖСМ
ІІІ орын Келес ауданы №1 БЖСМ
«Үздік қорғаушы» номинациясымен Кадир Дархан (Жетісай ауданы);
«Үздік ойыншы» номинациясымен Нұржау Абдурахман (Жетісай ауданы);
«Үздік қақпашы» номинациясымен Жиенбай Ерболат (Келес ауданы);
«Ең жас ойыншы» номинациясымен Болат Әлтайыр (Жетісай ауданы);
Жүлделі орындарды иеленген командалар Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының атынан арнайы дайындалған диплом, медаль, кубоктарымен және үздік ойын көрсеткен ойыншылар «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы» «Ең жас ойыншы» номинацияларымен марапатталды.