ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
Тұрақты дәнекерлеу жұмыстары конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегi баллондары мен дәнекерлеу бекеттерi үшiн оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлiнген дәне- керлеу шеберханаларында жүргiзiледi. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткiшпен және жеңiл алынып тасталатын конструкциялармен қамтамасыз етiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.
Тасымалданатын ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектiнiң әкiмшiлiгi бередi. Тасымалданатын ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орна- тылады. Оларды жақсы желдетiлетiн үй-жайларда уақытша қолдануға жол берiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берiлмейдi.
Ацетилен генераторлары от жұмыстарын жүргізу орындарынан, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткіштермен ауа жинау орындарынан кемінде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге «Бөгде адамдарға кiруге болмайды – от қауiптi», «Темекi шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» деген аншлагтар (плакаттар) iлiнедi. Жұмыс аяқталғаннан кейiн тасымалданатын генератордағы кальций карбидi шығарылады. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.
Ашық лай шұңқырлары қоршаумен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткiшiмен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнiнде тиiстi тыйым салу белгiлерi орнатылады. Газ өткiзу шлангiлерi аппаратураның, жанарғылардың, кескiштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдерiне қамыттардың немесе ниппельдiң ұзындығы бойымен кемiнде екi жерiнен жұмсақ күйдiрiлген (тоқылған) сымның көмегiмен сенiмдi бекiтiледi. Су ысырмалары ниппельдерiне шлангiлер тығыз кигiзiледi, бiрақ бекiтiлмейдi. Кальций карбидi құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда сақталады. Кальций карбидiн сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төменгі жерлерде орналастыруға болмайды.
Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидiнің барабандары тiгiнен үш қабат етiп, ал механика болмаған жағдайда көлденеңiнен үш қатар- дан аспайтындай етiп және тiгiнен екi қатардан аспайтындай етiп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселедi. Қатарлап төселген кальций карбидi барабандары арасындағы өту жолдарының енi кемiнде 1,5 метр етiп көзделеді. Кальций карбидiнiң аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғылары- ның үй-жайларында бiр мезгiлде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидiн сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшердің ішінен тек бiр барабан ғана ашық күйде болуы тиіс. Кальций карбидi бар ашылған барабандар су өткiзбейтiн қақпақтармен қорғалады. Кальций карбидi бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекi шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезiнде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәне- керлеу жұмыстарын жүргiзу орындарына арнайы арбалармен, зембiлдермен, шанамен жеткiзiледi.
Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезiнде күн сәулесi мен басқа да жылу көздерiнiң әсерiнен қорғалады. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемiнде 1,5 м, ал ашық от жылу көздерiнен кемiнде 10 м қашықтықта орналастырылады.
Жанарғылардан бастап (көлденеңiнен) қайта iске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейiнгi қашықтық кемiнде 10 м, ал оттегi немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейiн кемiнде 5 метiп көзделеді. Бiр үй-жайда оттегi баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидiн, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берiлмейдi.
Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегi және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады. Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады. Оттегiден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс iстеу кезiнде толық баллондармен жұмыс iстейтiндей қауiпсiздiк шаралары сақталады.
Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға:
-
- қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерiн ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;
- оттегi баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлi майлармен, сондай-ақ май тиген киiммен және май сiңген шүберекпен жанасуына;
- бiр су ысырмасынан екi дәнекерлеушiнiң жұмыс iстеуiне;
- өте iрi түйiршiктi кальций карбидiн салуға немесе оны аппараттың шүмегiне темiр шыбықтың және сымның көмегiмен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс iстеуге;
- кальций карбидiн тиейтiн дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ «карбидке су» генераторлары жұмыс iстеген кезде көлемiнiң жартысынан артық карбид тиеуге;
- жанғыш газдарға арналған шлангiнi оттегiмен және жанғыш газдардың оттегi шлангiсiн үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезiнде шлангiлердi өзара ауыстыруға;
- ұзындығы 30 метрден, ал монтаждау жұмыстарын жүргізу кезiнде 40 м асатын, белгіленген тәртіппен жазбаша рұқсат ресімделгеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат берілетін шлангiлердi қолдануға;
- газ өткiзу шлангiлерiн бұрауға, сындыруға немесе қысуға;
- газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;
- ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейi жоғарылату немесе кальций карбидiнiң бiр жолғы мөлшерiн арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;
- кальций карбидi бар барабандарды ашу үшiн мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшiн және ацетиленмен жанасуы мүм- кiн басқа да орындарда дәнекерлеу үшiн мысты пайдалануға жол берілмейді.