Без рубрики
13 ШІЛДЕДЕН БАСТАП БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
13 шілдеден бастап талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінім бере алады. Өтінімдер eGov Mobile мобильді қосымшасы және eGov.kz порталы арқылы қабылданады.

Биыл мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жаңартылып, талапкерлер үшін бірқатар жаңа мүмкіндік енгізілді. Соның бірі – жүйенің талапкерге мемлекеттік білім беру грантының конкурстан тыс негізде тағайындалғанын автоматты түрде тексеру функциясы.
Бұл жаңашылдық өтінім беру процесін жеңілдетіп, ақпаратты қолмен тексеру қажеттілігін азайтады. Сондай-ақ грант тағайындау рәсімінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өтінімдерді онлайн форматта беру талапкерлерге мемлекеттік қызметті қашықтан әрі ыңғайлы алуға жағдай жасап, құжаттарды рәсімдеу уақытын қысқартады.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысатын талапкерлер белгіленген мерзімде өтінімдерін электронды форматта жолдай алады.



