Без рубрики
БАЛА АСЫРАП АЛҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР ЕНДІ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕ ОҚИДЫ
Қазақстанда бала асырап алуға немесе қамқоршылыққа алуға ниетті азаматтар үшін «Қабылдаушы ата-аналар мектебінде» оқу міндетті болды.

Бұл мектеп болашақ ата-аналарды баланы қабылдауға психологиялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындауға бағытталған. Бағдарлама барысында қатысушыларға баланың жаңа отбасына бейімделуіне қолдау көрсету, балалар үйінде тәрбиеленген бүлдіршіндердің психологиялық ерекшеліктері мен жарақаттарын түсіну және олармен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдары үйретіледі.
Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған азаматтарға бала асырап алу немесе қамқоршылық рәсімін жалғастыруға мүмкіндік беретін арнайы сертификат табысталады.
Мамандардың айтуынша, бұл талап қабылдаушы ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, балалардың жаңа отбасына тез әрі сәтті бейімделуіне ықпал етеді.



